25 қазан Республика күніне орай бірқатар медицина саласындағы қызметкерлер марапатталды. ТОДСБ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК басшысы медицина саласындағы 26 жыл еңбек өтілі бар Б.Мырзагелдиев және басшының сапа бойынша орынбасары медицина саласында 25 жыл еңбек еткен Д,Ахметова ҚР Денсаулық сақтау министірі А.Әлназарованың атынан «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар медицина саласында 25 жыл еңбек өтілі бар Түркістан №3 бекет меңгерушісі И.Ахметов ҚР Денсаулық сақтау министірі А.Әлназарованың атынан «Денсаулық сақтау ісінің уздігі» төсбелгісімен марапатталды.


