| № | Название | Скачать |
|---|---|---|
| 1 | Epeжeci 1бет | |
| 2 | Epeжeci 2бет | |
| 3 | Epeжeci 3бет |
Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізү құқығындағы «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ақылы қызмет көрсетуі туралы
Ережесі
1.Жалпы ережелер
- Осы Ереже Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізү құқығындағы «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - Жедел жәрдем станциясы - ОЖМЖС) ақылы қызмет көрсету тәртібін анықтайды.
- Ақылы қызмет:
1) «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығы;
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңына сәйкес жүргізіледі.
- Жедел жәрдем станциясы жеке және заңды тұлғалар өтiнiш жасаған сәттен бастап, оларға ақылы қызметтердiң уақытылы әрi сапалы көрсетiлуiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жауап береді.
Ақылы қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдiктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға, олардың тұрғылықты жерiне қарамастан көрсетiледi.
- Ақылы қызметтер - тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi (бұдан әрі-ТМККК) тiзбесiне кiрмейтiн және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған халықтың жеке қаражаты, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен, басқа да көздерден төленетiн қызметтер.
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша медициналық көмек жүргізу үшін, олар қаражатпен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте барлық қажет құжаттаманы ұсынады.
- Қызметтердің бағасы және есеп айырысу
- Көрсетілетін ақылы қызметтер бағасы бекітілген «Баға тізбесімен» анықталады.
- Ақылы қызметтердің бағалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, сонымен қатар медициналық, сервистік қызметтер көрсетуге және өзге де қосымша шығыстарға байланысты шығындардың барлық түрлері ескеріле отырып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен көрсетілетін ақылы қызметтердің бағаларын белгілеу және анықтау Ережесіне сай анықталады және бір жылда көп дегенде бiр рет қайта қаралуы мүмкін.
- Өтініш берушілермен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу фискальды жадысы бар бақылау-кассалық аппаратын қолдана және бақылау чегін бере отырып, Жедел жәрдем станциясы кассасы арқылы өтініш берушіге беріледі, ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша Жедел жәрдем станциясының "Ақылы қызметтерден түскен қаражат" ағымдағы шотына аудару жолымен жүргiзiледi.
- Ақылы негiзде қызмет көрсетілген өтініш берушілерге Жедел жәрдем станциясы көрсетілген медициналық көмек нәтижелерін ұсынады.
- Ақылы көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің тізбесі
- Жедел жәрдем станциясы ақылы медициналық қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шақырту;
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тасымалдау;
- Жеңілдіктер туралы мәліметтер
- Ақылы қызмет көрсету барысында жеңілдіктерді:
1) тегін – ҰОС қатысушылары;
2) 50% жеңілдік – бала күнінен мүгедектерге, еңбек мүгедектеріне, ауру бойынша мүгедектерге, «Алтын алка», «Кумыс алка» иегерлеріне қолданады.
- Ақылы медициналық қызметтер көрсету шарттары
- Жедел жәрдем станциясы ақылы қызметтерді медициналық және дәрігерлік қызметке арналған лицензиясы бар болған жағдайда көрсетеді.
- Ақылы қызмет көрсету мына жағдайларда:
1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi (бұдан әрі - ТМККК) тiзбесiне кiрмейтiн қызметтер, тасымалдауға және шақырту қызмет көрсету барысында;
2) ұйымдарға келісім шарт бойынша қызмет көрсету кезінде;
- Еңбекті ұйымдастыру және медицина қызметкерлерінің
біліктілігі жайлы мәлімет
- Ақылы қызмет көрсетуге көрсетілетін қызмет саласына сай, тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi (мемлекеттік тапсырыс) шегінде медициналық қызмет көрсетуге қатысатын Жедел жәрдем станциясы білікті қызметкерлері тартылады.
- Ақылы қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру негізгі жұмыстан босатылмай қызмет көрсетуді қарастырады.
- Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражатты пайдалану тәртiбi
- Ақылы медициналық қызмет көрсетуден түскен қаражат мынадай тәртіпте шығындарды өтеуге жiберiледi:
1) ақылы медициналық қызмет көрсетуге тiкелей қатысатын қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге, әлеуметтiк салық және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру бойынша аударымдарға, сондай-ақ, қосымша ақшалай төлемдерге;
2) өтемақы сипатындағы ақшалай төлемдерге;
3) iссапар шығындарын төлеуге;
4) ақылы қызмет көрсету үшін қажетті дәрi-дәрмектердi, шығын материалдарын және медицинаға арналған өзге де құралдарды сатып алуға;
5) коммуналдық, байланыс қызметтеріне, жылыту жүйесіне, электр энергиясына, ғимаратқа қызмет көрсетуге және көлік қызметтеріне ақы төлеуге;
6) құралдарды, мүліктер мен ғимараттарды ұстауға және ағымдағы жөндеуге;
7) материалдық құндылықтарды, құрал-жабдықтарды сатып алүға;
8) күрделi сипаттағы шығындарға (ақылы қызметтер көрсетуден түсетін жалпы қаражат көлемiнiң 15 (он бес) %-ынан аспайтын).
9) Көрсетілген ақылы қызметтен түскен ақшалай қаржыларды бөлу төмендегі тәртіппен жүргізіледі:
- ақылы қызмет бойынша түскен жалпы кіріс сомасының 100% мөлшерінде көрсетілген ақылы қызметке жұмсалған шығындарды толтыруға және материалды-техникалық базаны дамытуға.
10) Жұмыстың орындалу мерзімін бұзғаны және талапқа сай қызмет көрсетпегені үшін орындаушыға тәртіптік жаза қолданылады. Уақытылы емес және сапасыз орындалған жағдайлар, ол қылықтарға жол берген нақты орындаушылары аңықтала отырып, комиссия отырысында қаралады.
- Ақылы қызмет көрсету бойынша есепке алу және есеп беру тәртібі
- Ақылы қызмет көрсету бойынша есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібі жедел жәрдем станциясы басшысының бұйрығымен анықталады.
- Жедел жәрдем көрсететін қызметтердің Баға тізбесін қайта қарау нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты жүзеге асырылады.

