Created: 22 Қыркүйек 2020
412

Біз туралы

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ  "Облыстық  жедел медициналық  жәрдем  станциясы" МКК-ы

 

Жедел медициналық жәрдем стансасы Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.09.2009 жылғы №193-4 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігінің 2016-2019 жылдарға арналған. ҚР-сы ДСМ-ның 2017 ж. 3 шілдесіндегі шыққан № 450 «ҚР-да жедел медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығы бойынша жұмыс атқарады.

 

Түркістан қалалық жедел жәрдем беру станциясы 1975 жылдан бастап қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Түркістан облысының әкімдігінің 2018жыл 25 тамыз: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарын қайта атау және жарғыларынбекітутуралы қаулысына сәйкес Түркістан жедел жәрдем станциясы - Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы болып өзгерді. Жедел медициналық көмек ұйымы - апат болған жерде,сонымен қатар барар жолда ересек және балалар халқына өмірінің жай-күйіне қауіп туындайтын (пациенттер мен оның айналасындағыларға), жазатайым оқиғалар, жіті ауыр аурулар жағдайында тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсетеді. Ғимарат 1967жылы салынған, 2008 жылы күрделі жөндеуден өткен. Станса құрлымы әкімшілік шаруашылық бөлімі, оперативті бөлім, бикс сөмкелерді толтыру кабинеті, қызметкерлердің демалыс бөлмелері, санитарлық автокөлік тұрағы. 2011 жылдың мамыр айынан бастап оперативті бөлімінің жұмысы «ЖЕТІСУ» автоматтандырылған басқару жүйесімен және оперативті бөлімінің шығу бригадаларымен байланысы POWTR SUPPLY радиостанцияларымен жүргізіледі. 2018 жылы қыркүйек айынан бастап "Жетісу" автоматтандырылған жүйесінен "КӨМЕК" автоматтандырылған жүйесіне ауыстырылып жұмыс жасауда. "КӨМЕК" бағдарламасының артықшылықтарын атап айтсақ: арнайы жұмыс телефондары(комуникаторлар) арқылы бригадалармен диспетчер(эвакуатор) арасында шақыртулар бойынша, емхана қүрамындағы жедел жәрдем  бригадалармен , ауруханалармен тығыз байланыс орнатылған. Оператівті бөлім екі 103 тіркемелі телефон байланысымен қамтамасыз етілген. 2015 жылы қаланың 1-ші мөлтек ауданында кіші бекет ашылды .Тәулік бойы халыққа 16 бригада медициналық көмек көрсетеді

 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы аудан және  қалаларда орналасқан жедел жәрдем бекеттерін өз құрамына алып орталықтандыру  жұмыстарын бастады. Жоғарда  аталған орьалықтандыру  жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталды. Қәзіргі таңда облыстық жедел медициналық  жәрдем құрамында 124 бригада оның ішінде 39 дәрігерлік, 85 фельдшерлік бригадалар халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен  қатар 2019 ж 1 қаңтарынан бастап «CALL» орталығы ашылып қәзіргі таңда 2 кезекші аға дәрігер, 15 шақыртуды қабылдап берүші және 5 шақыртуды  бағыттаушы, 2 емхана жанынан ашылған жедел жәрдем бекеттері шақыртуларын қадағалаушы диспетчерлер жұмыс атқарады. 

 

Байланыс сым тетігі

8 (725) 33 4-31-15 - (қабылдау бөлімі)

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Сенім телефоны

8 (725) 33 4-04-03

8 (725) 33 4-04-08

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сейсембекова Қарлығаш Нұрланқызы

 

Оперативті бөлім байланыс телефондары

8 (725) 33 4-28-66 - КВИ бойынша кеңес

8 (725) 33 4-28-57 - Кезекші аға дәрігерлер

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Абдиев Таир Батырбекұлы

Тел: 87075466837