Created: 01 Қазан 2024
51

Сайрам ауданында жүкті әйелдің үйде босануы: жедел жәрдем бригадасының әрекеті

ЖМЖС Call орталығына 2024 жылыдың 29 қыркүйегінде Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы, Нигматуллаев көшесі №39 үйге шақырту түскен. Шақыртуды қабылдап алу фельдшері 3.5(Жүкті әйелдердің іш ауруы ( жүктілікті тоқтату қаупі)) санатын қойып, Қарамұрт кіші бекетінің №141 фельдшерлік бригадасына тағайындалған. Жедел жәрдем бригадасы аталған мекен-жайға уақытында жетіп, жүкті әйелді қарап тексеріп жағдайын бағалаған. Жүкті әйелде босанудың 3-ші кезеңі басталуына байланысты, бригада фельдшерлерінің көмегі мен үйінде босанған. Қыз бала дүниеге келді. Апгар шкаласы бойынша 7-8 балл. Анасының жағдайы қанағаттанарлық. Жылу тізбегі сақталынып, босанған әйел мен нәресте Сайрам аудандық аурухананың босану бөліміне зембілде жеткізіліп, дәрігерге тапсырылды. №141 бригада құрамы: фельдшерлер Р.Кочиев, Ш.Тиланбаев жүргізуші И.Ниязов.