«Созақ» кіші бекеті 2023ж жыл басынан 3 бригаданың күшімен 62 654 халыққа жедел медициналық жәрдем көмегін беріп келді. 2023ж жалпы 9547 шақырту орындаған, оның ішінді 6,7 % шақыртулар кешігуімен орындалған. Созақ ауданындағы жедел медициналық жәрдем комегімен қамтылмаған елді мекендеріне (Қыземшек-220км, Тасты, Шу, Жуан төбе-160 км), халыққа жедел жәрдем көмегінің қолжетімділігін арттыру мақсатында, шақыртулардың кешігуін азайту және жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін, «Созақ» кіші бекетінде қосымша 2023ж 1 бригада, 2024ж 1 бригада ашылды және тәуліктік посттар ұйымдастырылды:
-
Шолақорған 2 бригада - 1дәрігерлік, 1 фельдшерлік (Абай, Жартытобе, Аққолтық, Баба ата, Құмкент, Қызылкөл, Балдысу, Қарабұлақ)
-
Таукент 1 - фельдшерлік бригада (Таукент кенті, Абай, Сызған, Басбұлақ, Қөзмолдақ)
-
Созақ - 1фельдшерлік бригада (Созақ, Қаратау, Қарағұр, Шаға, Көктөбе, Ынтымақ)
-
Жуантөбе -1 фельдшерлік бригада (Тасты, Шу, Жуантөбе, Қыземшек, Тайқоңыр)
Бүгінгі танда «Созақ» кіші бекеті 5 бригаданың күшімен 63 187 халыққа көмек беруде. 2024ж 8 ай қорытындысы бойынша жалпы шақыртулар 8238 орындалды, оның ішінде кешігуілері 2023ж салыстырғанда 6,7%-дан 4,0%-ға төмендеді.
«Созақ» кіші бекеті жалға берілетін ғимаратта орналасқан болатын, Созақ аудандық әкімшілігінің қолдауымен 2024ж шілде айында теңгерімнен теңгерімге Түркістан облысының жедел медициналық жәрдем станциясына, Шолақоған ауылы Султанбек Қожанов номерсіз көшесінде орналасқан, ғимарат берілді. 2024ж шілде - тамыз айлары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 20.09.2024ж 15:00 жаңа ғимараты ресми ашылды.

